$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкентте Аяз ата боп киінген автобус жүргізушілері көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады

AstanaTV
30.12.2021ж. 20:00
1906
Шымкентте Аяз ата боп киінген автобус жүргізушілері көпшілікке  мерекелік көңіл күй сыйлады

Шымкентте автобус жүргізушілері көпшілікке еркше көңіл күй сыйлады. Аяз ата кейпіне еніп, мереке мерейін арттырды. Бұған қала тұрғындары дән риза. Қоғамдық көліктің іші де, сырты да мерекеге сай безендірілген.

Қала тұрғындарына арналған  тосын сыйға әріптесім Айзада Төребекқызы да куә болды.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қоғамдық көліктің іші  ерекше безендірілген. Түрлі-түсті жылтырақтар, әртүрлі әшекейлер бірден көзге түседі.  Мерекелік көңіл-күйді жаңа жылдық ән әрлей түскен.   

Автобус ішіндегі атмосфера мүлдем бөлек. Жолаушылардың  жүздері бал-бұл жанады.  Ал Аяз ата кейпіндегі автобус жүргізушісі жаңа жылдың сәнін  аша түскендей.   

Идея авторы автобус жүргізушісі -Еркебұлан Өскенбаев екен. Биыл екінші жыл қатарынан Аяз атаның кейпіне енген отыз жастағы жүргізуші өзгелерді қуантуды жаным қалайды дейді. Автобус ішін де өзі безендірген.

Еркебұлан ӨСКЕНБАЕВ. АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ:
 
Жаңа жылда халыққа жаңа көңіл-күй сыйлағым келді. Кішкене қызығырақ болсын, халықтың көңілін көтерейік деп..ыңғайлы деп ойлайм енді..кішкентай балаларымызға, бүлдіршіндерімізге сыйлығымызды беріп жатырмыз.

Жолаушылар автобуста әсем ән тыңдап қана қоймай, Аяз атамен суретке түсіп, мәз-майрам.  Шымкентте ауа-райы көктем күніндей  болса да,   автобусқа мінген әрбір жолаушы жаңа жылды сезініп, ерекше әсер алғандарын айтады.    

БЛИЦ:

- Күшті әсер алып отырмын жаңа жылдың мерекесінің алдында. Рахмет осылай адамдарға көңіл-күй сыйлап отырған водительдерге де.  

- Кез келген автобусқа мінем деп шыққам үйден. Тура осы автобусқа дәл келіппін. Қуаныштымын Аяз атамен бірге қаланы аралап жүргеніме. Негізі бұл жерде тұрмаймын, Кентаудан келдім.

- Бүгін бірінші рет мініп тұрмын. Күшті автобустарыңыз. Керемет. -Көңіл-күйіңіз?  -Күшті. Керемет. Ұнады.

- Келе жатқан барыс жылында барлықтарыңызға құт-береке әкелсін. Дендеріңізге саулық әкелсін. Аяз атаға рахмет, қаншама адамның көңілін көтеріп келе жатыр қазір. Аяз атаны көріп әрине балалық шағым есіме түсіп тұр. Біз кішкене кезімізде хат жазып жастығымыздың астына қоятынбыз.


Шымкент қаласында дәл осылай, мерекеге сай безендірілген  алты автобус жолаушыларға қызмет көрсетуде.   Жұртшылыққа ерекше қуаныш сыйлауды қуана құптаған компания басшысы балаларға базарлықты өз атынан әзірлеген.  Әдемі, мерекелік шара  6-шы қаңтарға дейін жалғаспақ.  

А. Төребекқызы