Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

"Контртеррористтік акция содырлардың тамырымен құртқанша жалғасады",- Қ.Тоқаев

AstanaTV
07.01.2022ж. 20:00
657
"Контртеррористтік акция содырлардың тамырымен құртқанша жалғасады",- Қ.Тоқаев

Контртеррористтік акция содырлардың тамырымен құртқанша жалғасады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақордада өткен жиында осылай деді. Президент әкімшілігі, Қауіпсіздік кеңесі, күш құрылымдары жиналып, ел ішіндегі жағдайды саралады.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ:

Антитеррор операциясы басталды.  Тәртіпке жауаптылар үшін сын сағат туды. Конституциялық тәртіп елдің барлық аймағында қалпына келді. Жергілікті органдар жағдайды бақылауға алған. Соған қарамастан террористтер қару қолдануды, азаматтардың мүлкін бүлдіруді доғарған жоқ. Сондықтан контртеррористтік шаралар содырлардың көзін жойғанша жалғасады.


Күш құрылымдарының дерегіне сенсек, Қазақстанға тәртіп орнатуға жәрдемдесу үшін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлері келе бастаған. Олар стратегиялық нысандарға күзетті күшейту үшін шектеулі уақытқа ғана келгенін айтты. Жиын барысында ішкі істер, қорғаныс министрлері, сонымен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы есеп берді. Президент жағдайды тұрақтандыру бағытында бірнеше тапсырма жүктеді.