Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматыда ылаң салған террористер кәсіби дайындықпен ұйымдасқан,-Д.Абаев

AstanaTV
07.01.2022ж. 20:00
722
Алматыда ылаң салған террористер кәсіби дайындықпен ұйымдасқан,-Д.Абаев

Алматыда ылаң салған террористтер кәсіби дайындықпен ұйымдасқан.Олар әкімдіктер мен телеарналарға шабуыл жасап, бірнеше рет тікелей эфирге шығуды көздеген. Бұл туралы Президент әкімшілігінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев айтты. Оның мәлімдеуінше террористер арасында мергендерде бар.

Дәурен АБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Шекара әскерлері Көктөбедегі ғимаратты жасалған екі шабуылды тойтарды. Әуежай мен бірнеше ұшақ басып алынды. Басып алған барлық нысанды террористер барикадамен блок-посттар орнатты. ПД ғимаратына шабуыл жасалды. Террористер сапында арнайы винтовкасы бар мергендер болды. Бақылау камералары байланыс пен бейне жіберуші құралдарды олар сындырды.


Айта кетейік, Алматы қаласын тазарту операциясы,  "Арлан-бүркіт" әскери бөлімшелеріне жүктелген. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, мегаполисте қарулы қақтығыстар әлі тоқтамаған. "Бейбіт өмір үшін" арнайы операция жалғасып жатыр.

Дәурен АБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Операция нәтижесінде қаланың барлық әкімшілік ғимараты террористерден тазартылды.  Террористер жойылды және ұсталды. Қазір олардың кім екені анықталуда.Олардың экстремистік ұйымдарға тиесілі болу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Алматылықтардан қалада жүріп-тұруды шектеуді сұраймыз.Қазір тығылып қалған бандыларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі күні барлық өңірде тәртіп қалыпқа келтірілді. Жағдай қалыпқа түсті.

Б. Сатуов