Елімізде темір жол қозғалысы қалыпқа келді. Жолда тұрып қалған жолаушылар және жүк пойыздары қайта жүрді. "Қазақстан Темір жолы" акционерлік қоғамының ақпаратынша, кеше 25 жолаушы, 129 жүк пойызының қозғалысы тоқтаған болатын. Қазір жағдай тұрақталды дейді.