Елімізде азық-түлік қоры жеткілікті. Тамақ өнімдеріне тапшылық болмайды. Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Орал қалаларындағы тоналған дүкендерден басқа сауда орындары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Азық-түлік өнімдері жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өңірлерге үздіксіз жеткізілуде. Сауда және интеграция министрлігі мамандарының айтуынша, бұған қатысты ешқандай проблема жоқ.
Рашид ЖОРАБЕКОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ:
Азық-түлік тапшылығына алаңдауға негіз жоқ. Сондай-ақ, сауда объектілер қызметінде тамақ өнімдеріне баға берілу кезінде алыпсатарлыққа жол берілмейді.
А. Дүкембаева