Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы Төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар қамауға алынды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді. Экс-басшыға қатысты . Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне сай жариялауға жатпайды. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, азаматтығынан айырылып, он жылдан он бес жылға дейін сотталуы мүмкін.
А. Данияр