Қызылорда мен Талдықорғандағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан Ұлттық ұланның сарбаздарымен қоштасу рәсімі өтті. Қарағандыда өткен соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне марқұмдардың туыстары мен Ұлттық ұлан сарбаздары қатысты. Айта кетейік, Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов мерзімді әскери қызметке былтыр көктемде Қарағанды облысының Қорғаныс істері бойынша департаментінің шақыртуымен қабылданған. Олар 18 және 19 жаста болған.
Оразалы БЕЙСПЕКОВ, МАРҚҰМ М.ҚАЙСАРОВТЫҢ ӘКЕСІ:
Құрметті, қазақстандықтар! Бұл тәртіпсіздіктерді тоқтату керек. Мен ұлымнан айырылдым. Жап -жас жігіттер қыршынынан қиылды. Менің ұлым осы жазда борышын өтеп келуі керек еді. Бұл біздің отбасымыз үшін күтпеген жағдай болды. Жүрегім қатты ауырып тұр.
Б. Сатуов