Жаппай тәртіпсіздік кезінде бизнеске келтірілген залал қазіргі есеп бойынша шамамен 88 миллиард теңгеген асады. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Алматының өзінде кәсіпкерлер 86 миллиард теңгеден астам шығынға ұшыраған. Жедел желіге әлі де қоңыраулар үздіксіз түсіп жатыр. Колл орталыққа 1622 шағым түссе, соның 937-сі мародерлік іс бойынша, 23-і форс мажор, 2-уі блок бекеттерге қатысты, сондай-ақ жеке тұлғалардан 650 қоңырау соғылған.
КОЛЛ -орталыққа 1622 хабар түскен, оның ішінде:
мародерлік істер бойынша - 937;
форс-мажор - 23;
блок бекеттер - 2;
жеке тұлғалардан - 650.