Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауапкершілігі мол саяси қайраткер ретінде өз-өзін көрсетіп жатыр. Саясаттанушы Айдар ӘмребаевТЫҢ Айтуынша, ел басына түскен бұл сынақ мемлекеттің тұрақтылығын сынап жатыр. Сондай-ақ, ол Президенттің "Естуші мемлекет" концепциясы мен құқықтық мемлекеттіліктің дамуы моделін орынды қолданып жатқанын жеткізді.
Айдар ӘМРЕБАЕВ, САЯСИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Мемлекетіміз тұрақталатынына мен кәміл сенемін. Президент өз қолына алып жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды әрі қарай жүзеге асыратынына сенуге болады. Біздің басшымыз бірінші күннен бастап нақты іс-шаралар жасап жатыр. Оның жалпы нәтижесін біз қазір байқап көріп жатырмыз.
А. Данияр