$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Өңірлерде жағдай тұрақталып келеді

AstanaTV
08.01.2022ж. 20:00
723
Өңірлерде жағдай тұрақталып келеді

Таразда антитеррорлық операция кезінде 6 қарулы қылмыскердің көзі жойылып, 139 бүлікші ұсталды.   5 құқық қорғаушы ауыр жарақат алған.  Ал Қызылордада арнайы операция әлі жалғасуда. Өңір әлі  террорлық қауіптіліктің шекті қызыл деңгейінде. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүлік кезінде 22 адам қаза тапқан. 201 адам емдеу мекемелеріне жүгінген. Қазір 48 адам ауруханада жатыр. 9 мемлекеттік нысан  мен тәртіп сақшыларының 24 көлігі  өртенген. Қазір қалада жағдай тұрақты. Қоғамдық көліктер қозғалысы реттелді. Базарлар мен сауда орындары штаттық режимде жұмыс істеуге көшті. Шымкентте де жағдай қалыпты.   Ерікті сақшылар жасағы құрылған. 500-ге жуық адам қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосуда.Ал Қостанайда  тәртіп сақшылары 600-ге жуық адамды ұстаған. Олардың арасында кәмелет жасқа да толмаған жеткіншектер бар дейді құзырлы орган өкілдері. Сондай-ақ, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының және Қарағанды облысының тұрғындары да анықталған.