Елде коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді. Алдынғы тәуліктермен салыстарғанда бүгін сырқаттану деңгейі бір жарым есе өскен. Індетке ең көп шалдыққан өңірлердің басында елорда тұр. Мұнда бір күннің ішінде 800-ге таяу адамнан COVID-19 анықталған. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ахуалдың қиындауына республика аумағында тараған "омикрон" штаммы себеп. Жағдайды бағалау картасының "қызыл" аймағына бас қала қайта оралды. "Сары" белдеуде Алматы мен Шымкент қалалары болса, қалған облыстар "қауіпсіз" аймақта.
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:
Тұрғындардың жұқтырған штамын анықтаудың қажеті жоқ. Себебі алдын алу шаралары өзгеріссіз қалады. "Омикрон" штамы анықталғаны белгілі. Десе де, елде әлі күнге дейін коронавирустың "дельта" формасы жылдам тарап жатыр. Қазір ауруханаларда 2511 науқас ем алуда. Оның ішінде 192 адамның жағдайы ауыр. 62 пациенттің өмірі қыл үстінде. 50 науқас өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған.
А. Данияр