Елдегі оқиғаға бей-жай қарамаған волонтерлар да қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді атсалысуда. Олардың айтуынша, бұл халықтың ықыласы. Қиын-қыстау кезде бір болып, сындарлы сәттен ауызбіршілікпен шығамыз дейді. Елдің күші бірлікте. Белсенді қала тұрғындары ел қауіпсіздігі үшін блокбекетте үздіксіз жұмыс істеп тұрған әскерилер мен тәртіп сақшыларына ыстық шай мен тамақ апарып, қолдау көрсетуде.
Сәлімжан АҚПАЕВ, ВОЛОНТЕР:
Әскерімізге сенеміз, қазір осындай қиын жағдайда, еліміздің президентіміздің айналасында біз жиналып тек қана елдің тыныштығын тілеуіміз керек.
А. Дукембаева