Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Нұротандықтар халыққа қолдау көрсетуде

AstanaTV
09.01.2022ж. 20:00
719
Нұротандықтар халыққа қолдау көрсетуде

Нұротандықтар халықты сабырға шақырып, сындарлы сәтте қолдау білдіруде.  Партияның Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, мегаполистегі ахуал қалыпты.   Мамандар   түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды төтенше жағдай режимі талаптарын сақтауға шақыруда.  Ал жасотандықтар, әскерилерді ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, қолғабыс көрсетіп жатыр.

Жанар БЕКБАЕВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ешқандай арандатушылыққа ермей, бірлігімізді сақтау бойынша жұмыстарды жүргізіп. Қазіргі таңдағы төтенше жағдайдағы қойылып жатқан талаптарды сақтауға шақыру бойынша үгіт насихаттарын жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Қызылордадағы нұротандықтар да   ел   үшін алаңдаулы. Бұл уақытша қиынды бәріміз бірге жеңеміз дейді. Болашаққа сенім мол, сондықтан тұрғындарды бірігіп әрекет етуге, Президенттің  шешімін қолдап, жұдырық боп жұмылуға шақырады.

Ләйла  ТӨРЕШОВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа өзімізбен қолдау білдіріп, елмен бірге барлық қиындықтарды, бір кісідей көтеретініміз сөзсіз. Жерлестеріміз біздің күшіміз бірлікте екендігін көрсетуде және болашаққа сеніммен қарап отыр.

А. Дүкембаева