$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Материалдық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдануда

AstanaTV
10.01.2022ж. 20:00
942
Материалдық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдануда

Жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан күштік құрылым қызметкерлерінің отбасыларына материалдық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдануда. Бұл жайында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде, Үкіметте өткен кеңесте айтылды. Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиын, бүлікшілердің құрбандарын еске алумен басталды. Әлихан Смайлов биылғы жыл өте күрделі және қайғылы оқиғалардан басталғанан айтты. Қазақстан бұрын болмаған деструктивті күштердің агрессиясына тап болып, ең үлкен мегаполис Алматы мен көптеген облыс орталықтары террористер мен бандиттердің соққысына ұшырағанын еске салды.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 
ҚР Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың уақытылы және батыл іс-қимылдарының арқасында тәртіпсіздіктің, заңсыздықтың таралуын тоқтатып, құқық тәртібін қалпына келтіре алдық. Өкінішке орай, адамдар зардап шегіп, жараланды, түрлі жарақаттар алды. Біз оларға тезірек сауығып кетулеріне тілектеспіз. Ең өкініштісі, азаматтарымыздың арасында қаза болу жағдайлары орын алды. Тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру нәтижесінде полиция мен әскери қызметшілер мерт болды. Біз олардың Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын сақтау жолындағы ерліктерін мақтан тұтамыз.

Б. Сатуов