Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстан мен Ресей әуе қатынастарын реттейтін ортақ бағдарлама құрмақ

AstanaTV
15.04.2016ж. 20:00
1979
Қазақстан мен Ресей әуе қатынастарын реттейтін ортақ бағдарлама құрмақ

Қазақстан мен Ресей әуе қатынастарын реттейтін ортақ бағдарлама құруға келісіп отыр. Оның аясында екі ел арасында туындаған түрлі авиациялық қиындықтар оңтайлы шешімін табуы тиіс. Мәселен, Транссібір бағытына қатысты шыққан соңғы дау да реттелуі мүмкін. Бұл туралы телефон арқылы сұқбат берген Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев айтты. Әуе бағытына қатысты дауды шешу үшін Мәскеуде екіжақты кездесу өткен болатын.

Талғат Ластаев, ҚР Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:

Келіссөздер қалыпты жағдайда өтті. Яғни тараптар өз талаптарын айтты. Бірақ ортақ шешімге бәрібір келе алмадық. Бірақ бұл соңғы кездесу емес. Тағы жалғасады. Әзірге әуе қатынасы бойынша жол картасы бағдарламасын құруға келісіп отырмыз. Осының негізінде мәселелер реттеледі деген ойдамыз.

Еске салсақ, наурыз айында «Эйр Астана» Астанадан тікелей Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласына рейс ашуды жоспарлаған еді. Бағыттың 300 шақырымы Сібір аумағын басып өтеді. Бірақ «роялти ережесі бұзылды» деген желеумен Ресей бұл жолға ақша төлеуді талап етті. Оған отандық әуе компаниясы келіспеген. Сөйтіп, халықаралық даудың туындағаны бар. Ал бүгін ресейлік басылымдар екі тарап бір мәмілеге келе алмады деген ақпарат таратты. 

Құралай ПИОНЕР