Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді

AstanaTV
11.01.2022ж. 20:00
1771
Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді
Бүгін Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды. Парламент депутаттары жаңа министрлерді бекітті. Жалпы 16 министрдің 7-уі жаңадан тағайындалды. Енді ретімен тоқталсақ.

Үкімет басшысы Әлихан Смайловтың бірінші орынбасары болып Роман Скляр тағайындалды. Премьер- министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мұхтар Тілеуберді лауазымдарын сақтап қалды. Мұқтар Тілеуберді сонымен қатар Сыртқы істер министрі қызметін жалғастырмақ. Тағы бір  орынбасар орынтағына Бақыт Сұлтанов келді. Ол Сауда және интеграция министрі қызметін қатар алып жүреді.Ажар Ғиният- Денсаулық сақтау министрі,Қайырбек Өскенбаев- Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі,Әлібек Қуантыров -Ұлттық экономика министрі , Серікқали Брекешов-Экология, геология және табиғи ресурстар министрі , Болат Ақшолақов-Энергетика министрі,Қанат Мусин- Әділет министрі, Асқар Омаров-Ақпарат және қоғамдық даму министрі,Дәурен Абаев - Мәдениет және спорт министрі боп  тағайындалды. Ал, Қорғаныс министрі Мұрат Бектенов, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жаңа құрамда  жұмысын жалғастырды.  

Бұдан өзге Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары қызметіне Айда Балаева мен Ержан Қазыхан барды. Ержан Қазыхан Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі болып бекітілді. Премьер-Министрдің канцелярия жетекшісі Ғалымжан Қойшыбев болды.

Б. Сатуов