Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан он мыңға жуық адам ұсталды

AstanaTV
11.01.2022ж. 20:00
1036
Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан он мыңға жуық адам ұсталды

Алматыда тонаушылыққа қатысқан бір топ мародер ұсталды. Қала комендатурасы ақпараттық орталығының хабарлауынша, Маңғыстау облысының 5 тұрғыны   сауда үйлерін тонаған. Сондай-ақ, олардан әскерилерге тиесілі шу гранаталары, бас киімдер, сауыттар мен қалқандар тәркіленді.   Бұл факт бойынша   сотқа дейінгі тергеу басталды.  Сондай-ақ, Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде әскери құрылымның  КАМАЗ көлігін айдап алып кеткен 27 жастағы ер адам ұсталды. Оның да тонауға қатысқаны анықталды. Сондай-ақ, Түркістан облысында да Алматыдағы бүлікке қатысқан қылмыстық топ құрықталды. Күдіктілер көлігінен суық қарулар табылып, тәркіленді.  

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА,  ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

 
Бұл қылмыстық топтың Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар екені анықталып,  және осы жас азаматтар Алматыда орналасқан дүкендердің бірінде 11 ұялы телефон, 2 ноутбук алғандарын мойындап отыр.


Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жалпы елімізде  ұсталғандар саны 10 мыңға жуықтаған. Бүлікшілерді ұстау кезінде патрондары жоқ тапаншаға арналған жинақ, бронжилет пен басқа да қару-жарақтар тәркіленген.  

Д. Жарқынбек