Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мемлекет басшысы үлкен қадамдарға жол ашты,- саясаттанушы

AstanaTV
11.01.2022ж. 20:00
1084
Мемлекет басшысы үлкен қадамдарға жол ашты,- саясаттанушы

Мемлекет басшысы жаңа Үкіметке нақты тапсырмалар беріп, үлкен қадамдарға жол ашты. Саясаттаушы Марат Бәшімовтің пікірі - осы. Оның айтуынша, Президент бүгін қоғамдағы үлкен мәселерді қозғады. Соның бірі - байларды қоғамдық қорға жүйелі түрде қаржы аударуға жұмылдыруы - дейді.

Марат БӘШІМОВ – САЯСАТТАНУШЫ:

Тағы да ең маңызды проблема иа. Барлық даму мемлекеттерде байлар кедей адамдарға көмектеседі. Бізде қашады. Ол үлкен проблема. Енді Мемлекет басшысы, Президент айтқанда: "сендер көмектесіңдер қор құрамыз, қарасаңдаршы Еуропаны, Американы. Кішкене байып бара жатса, бөлініп отырады. Қорға береміз, қорға береміз деп. Сонда ғана ол әділеттік нәрсе.

Стратегиялық зерттеулер институты қызметкерлері де, Президенттің Парламент Мәжілісінде жастар мәселесін айналып өтпегенін айтты. Білікті жастарды оқытатын жоғары оқу орындары мен грант сандарын көбейту, техникалық мамандық иелерінің санын арттыру арқылы жастарға жаңа мүмкіндіктер туытынына сенімді.

Ермек ТОҚТАРОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚЗСИ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Президент өз үндеуінде осы бір әлеуметтің нақты бір тобы жастардың ахуалына ерекше бір мән берді. Бүкіл бүгінгі 19 млн халықтың жартысы бұл жастар. Сондықтан солардың ахуалы қайда жұмыс істейді, қайда оқиды соның бәрі өте маңызды.

Б. Сатуов