$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Жүк көлік жүргізушісі блок-бекеттегі полиция көлігін соғып кетті

AstanaTV
12.01.2022ж. 20:00
1011
Жүк көлік жүргізушісі блок-бекеттегі полиция көлігін соғып кетті

Қостанай облысында жүк көлігінің жүргізушісі блок бекетте тұрған полицияның қызметтік көлігіне барып соққан. Абырой болғанда, адам аман. Облыс комендатурасының хабарлауынша жол -көлік оқиғасы Меңдіқара ауданында болған. 45 жастағы жүргізуші блок бекетте «VOLVO» жүк көлігін тоқтата алмай қалған.Тежегіші істен шыққан техника қос көлікті соғып өткен. Оның бірі- полицияның қызметтік көлігі. Жүк көлігінің жүргізушісіне  әкімшілік хаттама толтырылды.

З. Санай