Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Тобыл өңірінде төтенше жағдай режимін бұзған 260 адам жауапкершілікке тартылды

AstanaTV
12.01.2022ж. 20:00
938
Тобыл өңірінде төтенше жағдай режимін бұзған 260 адам жауапкершілікке тартылды

Қостанайда азық-түлік пен жанар-жағар май бағасын арнайы мониторингтік топ бақылауға алды.  Әлеуметтік,әкімшілік нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.Қоғамдық көліктер қозғалысында іркіліс жоқ.  Тұрғындардың  көңілі тыныш. Өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Тілшіміз Заңғар Санай  аймақтағы жағдайды толығырақ жеткізеді.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Облыс комендатурасының ақпарына сәйкес қаңтардың бесі мен тоғызы аралығында төтенше жағдай режимін бұзған жеті жүзден астам адам ішкі істер органдарына  жеткізілген. Соның екі жүз алпысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Арасында Алматы,Нұр-Сұлтан, Қарағанды қаласының тұрғындары бар.

Облыс көлемінде  он төрт блок бекет койылган.Оның жетеуі  Қостанай қаласы аумағында.  Сақшылар облыс орталыгына кіріп –шығушыларды жіті тексеріп  жатыр.Төтенше жағдай енгізілгеннен бері он мыңға жуық көлікке тінту жүргізілген.

Құрмет МӘЖІКЕНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Сарыкөл ауданындағы блок бекетте 1991жылы және  2001 жылы туған екі жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбады.Және түнгі уақытта облыс орталығына қарай қозғалысты жалғастырды.Полиция Сарыкөл ауылы маңында автокөлікті ұстады.Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


Сындарлы сәтте Қостанай халқы  сақшыларға қолдау білдіріп, қоғамдық тәртіпті қадағалауға атсалысуда.Ал арнайы мониторингтік топ ірі сауда орындары мен жанармай құю бекеттерін аралап, бағаны бақылауға алды.

Мешіт ҒАЗЕЗҰЛЫ, МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕСІ:

Күнделікті азық-түлік тауарларын. Сонымен қатар қала маңында орналасқан яғни аудан Қостанай ауданында орналасқан жанар-жағармай бекеттерінде мемлекет басшысы тапсырмасымен бекітілген межедегі сатылып жатқанына нақты көз жеткізу мақсатында тұрақты түрде бақылау жұмыстарын жүргізуді қолға алды.

Костанайлықтар арам пиғылды арандатушылардын арбауына түспеди. Онирде жаппай тартипсиздик болган жок. Ешкім зардап шекпеди.Әлеуметтік, әкімшілік ғимараттар мен сауда орындарына закым келмеген. Барлыгы штаттық режимде жұмыс істеп тур.

БЛИЦ:

- Үкіметтің төтенше жағдай егізгені дұрыс деп ойлаймын. Адамдар алаңсыз жүріп жатыр.Ешқандай жұрттың алаңдауы жоқ.

- Все нормально. Тихо спокойно.

- Все госучреждения работает. В городе чисто. Все нормально. Все хорошо.


Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Қостанайдағы жағдай тұрақты. Тұрғындар алаңсыз тұрмыс-тіршілігіне кіріскен.Тек сақшылар күшейтілген күзетте. Олар күдікті адам, күмәнді көлік байқалса дереу департамент қызметкерлеріне хабарласу керектігін ескертеді.


З. Санай