Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ұлттық банк валюта нарығындағы балансты интервенция арқылы реттейді

AstanaTV
12.01.2022ж. 20:00
1263
Ұлттық банк валюта нарығындағы балансты интервенция арқылы реттейді

Ұлттық банк валюта нарығындағы балансты қажет болса интервенция арқылы реттейді. Мұны Ерболат Досаев айтты. Бүгін Қазақстан қор биржасының валюталық алаңында сауда-саттық қайта жұмысын бастады. Ұлттық банк төрағасының айтуынша оған қоса Алматы қаласы мен Алматы облысындағы екінші деңгейлі банктерді қолма-қол қаражатпен қамтамасыз ету шаралары қолға алына бастаған. Сонымен қоса, бүгін доллардың құны 2 теңгеге өсті. Қазір ақша айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 432-435 теңге аралығында саудаланып  жатыр. Ал, алыпсатарлық қысымға жол бермеу мақсатында Ұлттық Банк валюта нарығындағы теңгерімді қамтамасыз ететінін хабарлады. Қажет болған жағдайда-валюталық интервенция жолымен жүзеге асырылады, деді.  

Ерболат ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨРАҒАСЫ:

Банк жүйесінің өтімділігін қолдау мақсатында Қазақстан қор биржасында репо операциялары арқылы теңгедегі өтімділікті ұсыну операциялары шектеусіз көлемде жүргізілуде.

Сондай-ақ Ұлттық банк пен қаржылық мониторинг агенттігі бірлесіп, елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейтпекші. Мұндай шешімге төтенше жағдай режимі кезінде шетелге ақша шығару, оның ішінде жалған мәмілелер жасау арқылы шекара асыру қаупі артқанымен қолға алынғанын жеткізді.

А. Данияр