Алматы облысында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген 8 адам ұсталды. Оның 4 -уі -шетел азаматы. Ұсталғандар Талдықорған полиция бөліміне шабуыл жасады деген күдікпен бөлімшелерге жеткізілді. Сондай-ақ, қызылордалық азамат Түркістан облысындағы "Шымкент" авиациялық өткізу пунктінде "Түркістан-Ыстамбұл" бағытындағы рейсін ресімдеу кезінде құрықталды. Ол әлеуметтік желі арқылы көпшілікті тәртіпсіздіктерге шығуға шақырған. Ал, Қостанай облысында автокөліктерді тексеру барысында Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Оның ұялы телефонынан күш құрылымдарының арнайы жарағы- қорғаныс дулығасы, жүк кеудешесі, металл қалқаны және резеңке таяқ асынып 5 қаңтарда түскен фотосуреті табылды. Тергеу жүргізу үшін аталған азамат Ұзынкөл аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Ә. Дүкембаева