Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Тәртіпсіздіктер туралы аноним ақпарат қабылдайтын сайт іске қосылды

AstanaTV
13.01.2022ж. 20:30
1126
Тәртіпсіздіктер туралы аноним ақпарат қабылдайтын сайт іске қосылды

Елдегі жаппай тәртіпсіздік туралы жасырын ақпарат беруге болады. Бас прокуратура Цирфлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, stopterrorism.kz сайтын іске қосты. Бұл сайтқа кез келген азамат террорлық әрекеттер немесе тәртіпсіздік кезінде түсірген аудио, видео және фото жазбаларды жасырын түрде жүктей алады. Бас прокуратураның ақпаратынша, қазір   дәлелдемелерді жинау,тіркеу және қылмыскерлерді бейнежазбалар арқылы іздеу  шаралары жүріп жатыр. Сондықтан аталмыш жобаға халық тарапынан келген айғақтар көп көмегін тигізеді дейді.

Д. Жарқынбек