Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Еліміздің бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі алынып тасталды

AstanaTV
14.01.2022ж. 20:00
1233
Еліміздің бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Бүгіннен бастап тағы бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі алынып тасталды. "Ақорда" таратқан ақпаратқа сәйкес, кешкі сағат 18-00-ден бастап Шымкент қаласы және Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарындағы "төтенше жағдайдың" күші жойылды. Осылайша 17 аймақтың 6-уы қалыпты өмірге оралмақ. Күні кеше Павлодар, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында да аталған режим тоқтатылған болатын. Еске салайық, Төтенше жағдай -  Президент жарлығымен қаңтардың 6-сынан бастап, 19-ына дейін барлық өңірлерге енгізілген еді. Яғни облыс, қала аумағына кіріп-шығу жіті тексеріліп,  көлік құралдарының қозғалыс еркіндігі шектелді. Сондай-ақ, ойын-сауық, спорттық, мәдени шаралар өткізуге тиым салынды. Жеке тұлғалардың құжаттары, олардың заттары, көлігін жаппай тексеру белең алды. Оған қоса қару-жарақ сатуға тиым салынды. Жалпы, төтенше жағдай мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты Президент немесе Парламент жариялайтын уақытша режим болып табылады. Ол -  табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу және тағы басқа да жағдайларда енгізіледі. Уақытша режим «Төтенше жағдай туралы» заңның баптарына сәйкес жүзеге асады.

Ә. Дүкембаева