Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Алматыда коронавирус жұқтырған 113 бала ауруханада жатыр

AstanaTV
14.01.2022ж. 20:00
1252
Алматыда коронавирус жұқтырған 113 бала ауруханада жатыр

Алматыда коронавирустың бесінші толқыны наурыз айында шарықтау шегіне жетеді.  Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Қарлығаш Әбдіжаббарова бүгін осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, ковид жұқтыру дерегі  20 мен  40 жастағылар, сондай-ақ жасөспірімдер арасында күрт өскен. Бұл «омикрон» штаммына тән дейді. Оптимистік болжам бойынша, наурыздың аяғында күніне 2,5 мыңға дейін, ал пессимистік болжам бойынша наурыздың басында тәулігіне 3,8 мыңға дейін инфекция жұқтыру дерегі тіркелуі мүмкін.  Эпидахуалдың күрделенуіне байланысты қалада  жаңа шектеулер енгізілді. Ұжымдық шаралар, концерттер, форумдар өткізуге тыйым салынды. Бар, караоке мен клубтар әзір жұмыс істемейді.   

Қарлығаш ӘБДІЖАББАРОВА. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Мұның бәрі «омикрон» штамы халық арасында тез таралатынын және көп ұзамай «дельта» штамын алмастыратындығын көрсетеді. Біз келесі коронавирус толқынының шыңын осы жылдың наурыз айына болжап отырмыз.

Мегаполисте соңғы тәулікте 1115 адам коронавирус жұқтырған. Ауруханада қазір  739 науқас ем алып  жатыр. Оның 113-і -бала.  Алматы қаласынының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес  17 қаңтардан бастап мектеп оқушылары онлайн оқиды.   Ал колледждер аралас оқыту форматына ауысады.   

Лаззат ЖЫЛҚЫБАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, біз барлық ата-аналар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларын және санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз.

Б. Сатуов