Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Түркістан облысында бәйшешек гүлдеп жатыр

AstanaTV
14.01.2022ж. 20:00
792
Түркістан облысында бәйшешек гүлдеп жатыр

Күнгейде қыстың қақ ортасында бәйшешек гүлдей бастады. Көктемнің жаршысы іспетті дала гүлі Боралдай тауында бой көрсетті. Мұны алғаш болып Сырдария –Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкерлері байқаған. Қазгидромет мамандары мұны соңғы тәуліктерде жиі жаңбыр жауып, күндізгі ауа температурасының 14-15 градусқа дейін жылы болып тұруымен байланыстырып отыр. Жалпы өңірде биыл қыс жылдағыдан тым жылы болып тұр. Қар жауғанымен бірден еріп кетуде. Синоптиктер тек алдағы демалыс күндері облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін деп болжайды. Қаңтардың 18-19-ы күндері түнде аяз болатынын ескертуде.

А. Төребекқызы