Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Әскерилерді аяусыз соққыға жыққан бүлікшілердің әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқылануда

Әскерилерді аяусыз соққыға жыққан бүлікшілердің әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқылануда

Бүлікшілердің әскерилер мен полицейлерді аясыз соққыға жыққан әрекеті  әлеуметтік желіде тарады.  

Бұл бейнекадрлардан  әскери форма киген мыңдаған адамды көруге болады.  Автордың айтуынша, олар  Алматыдағы Сейфуллин мен Шевченко көшелерінің қиылысы арқылы Республика алаңына қарай бет алған. Алдымен Ұлттық ұланның 1200-ге жуық жауынгері мен 500 омон сарбаздары өтті, ал олардың соңынан шамамен 15 мыңға жуық адам  келе жатыр. Бұлар жай адам болуы мүмкін емес, барлығы қаруланған  дейді видео авторы. Қолдарында  қарулы таяқтар, қалқандар мен дулыға бар. Ал мына кадрда, бүлікшілер әскерилерді соққыға жығып жатқанын анық көруге болады. Ол аздай, тағы 5-6 адам келіп, онан сайын төмпештей бастайды. Полиция қызметкерін кепілдікке алып, ұрып-соғады.   

Әлеуметтік желіде тараған бұл видеоларға қатысты ішкі істер  министрлігі жауап берді. Ведомствоның баспасөз қызметінің айтуынша, бұл бейнекөріністің Алматыда түсірілгені рас. Полицейлер жаппай тәртіпсіздікті басу үшін Республика алаңына бет алған,  бірақ ол жерге жиналған жұрт тым көп болғандықтан  тәртіп сақшыларының  кейбірі ауыр жарақат алды дейді. Олардың қазір ауруханаларда ем алып жатқанын айтады.

Ә. Дүкембаева