Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды

AstanaTV
17.01.2022ж. 20:00
1945
Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды

Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды.  Ресми ақпарат бойынша, Венгриядан Өзбекстанға қарай бағыт алған  жүк көлігі жеңіл автокөлікпен соғысқан. Оқиға «Самара-Шымкент» тас жолында болған. Куәгерлердің бірі құтқарушыларға хабарласып, көмекке шақырған. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушылары түгел  қаза тапты. Соққының қатты болғаны сонша, көлік мүлдем жапырылып қалған.

Әбілда БАЯКЕЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жол тайғақ болған, бір күн бұрын қар жауған. Жүргізуші «Мазда» автокөлігін басқара алмай қарама-қарсы бағытқа шығып, «Вольва» жүк автокөлігіне соқтығысқан. Авариялық арнайы құрал-жабдықтармен «Маз» автокөлігінің есіктерін ашып, қаза болған марқұмдардың денелерін сыртқа шығарды.

Жүк көлігінің жүргізушісі- 1977 жылы туған венгриялық азамат. Ол Ташкентке дәрі-дәрмек алып бара жатқан.  Ал тұрғындардың айтуынша, жеті адамға арналған жеңіл көлік аудандар арасында жолаушы тасымалдаған. Негізі  Қазалыдан  Аралға күніне  екі рет автобус жүреді. Дегенмен, такси қызметіне де сұраныс жоғары көрінеді. Қазір бұл жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот сараптама тағайындалды.

М. Тоқтасынқызы