Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Коронавирус күн өткен сайын ушығып келеді

AstanaTV
17.01.2022ж. 20:00
1815
Коронавирус күн өткен сайын ушығып келеді

Ел ішінде эпидахуал күн өткен сайын нашарлап келеді. Жағдайды бағалау матрицасының «жасыл» аймағында бірде-бір өңір қалған жоқ. Тек Түркістан облысы ғана «сары» белдеуде орналасқан. Індеттің ушығуына байланысты бірнеше қаланың мектептері үшінші тоқсанды толықтай қашықтан оқитын болды. Біздегі жағдайдан шошынған Өзбекстан, шекарасын жапты.

Өткен тәулікте вирус жұқтырғандардың 600-ден астамы мектеп оқушысы. Білім және ғылым министрлігі әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы оқушылар, қашықтан оқуын жөн көрген.  Сондай-ақ ауылдық жердегі және 600-ден кем оқушысы бар мектептерде оқыту штаттық форматта жүргізілмек. Ал студенттер оффлайн түрде каскадтық әдіспен білім алады.

Гүлмира КАРИМОВА, ҚР БҒМ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Оқушылар 600-ден астам болған жағдайда мектептер қашықтан оқиды. Бірақ та бұл жерде 1-2 сынып оқушылары үшін оқыту штаттық форматта жүргізіледі. Ал 3-5 сынып оқушылар үшін оқу кезекші сыныптарда жүргізіледі.

COVID-19-ды шалдығу дерегі өткен аптадан бері күрт өсті. Күні кеше 11 мыңнан астам адамның індетті жұқтырғаны белгілі болды. Сырқаттанудың ең көп жағдайы Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, елдегі жұқпалы аурулар ауруханаларындағы төсек жүктемесі 31, ал реанимациялық орындардың 17 пайызы  бос емес.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 6986 науқас ауруханада ем алып жатыр. Оның ішінде 275 адамның жағдайы ауыр. 82 пациенттің хәлі өте ауыр. 52 емделуші өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Елордада ковидпен ауыратын науқастардың артуына байланысты қосымша стационарлар ашылған. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі инфекциялық ауруханалардағы төсектер санын 2 есе арттырғанын айтты. Сондай-ақ анықталып жатқан науқастардың арасында жүкті әйелдер мен балалар көп, дейді.

Айгерім АРДАҚҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бүгінде бізде қала бойынша 345 әйел стационарлық ем қабылдап жатыр коронавируспен және де балалар арасында стационарлық емде бізде 188 бала.

Елде «омикрон» штаммының пайда болуына байланыста Өзбекстан Қазақстанмен шекарасын жапты. Десе де, қос елдің әуе қатынасы тоқтамайды. Шекарадан өтуге тек жүк көлік жүргізушілеріне, ресми делегаттарға, дипломатиялық, консулдық, халықаралық ұйым қызметкерлі мен отбасы мүшелеріне рұқсат етіледі.

А. Данияр