Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елордадағы дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшы болып жатыр ма?

AstanaTV
17.01.2022ж. 20:00
837
Елордадағы дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшы болып жатыр ма?

Індет жағадан алғанда жұрт жиылып маусымдық жұқпалы аурулардың дәрі-дәрмегін талап алып жатыр. Дәріханадағы кезек, есікке дейін ұласқан. Тұмауға қарсы дәрі-дәрмек қалада тапшы ма? Бұған қатысты жауаптылардың жауабы қандай? Дәрінің тапшылығы, бағаның үстіне баға қосуына әкелмей ме? Сауалдарға жауап іздеген әріптесімнің репортажы.

Елімізде індетке шалдыққандардың күрт өсуі, дәріханаларда дәрінің тапшылығына әкеліп соқты.

Елордалықтар дәрі-дәрмекті жаппай сатып алып жатыр. Дәріханалар ішінде ұзын-сонар кезек қалыптасты. Біз де қаладағы дәріханаларды аралап, тұмауға қарсы дәрілерді сұрап көрдік.

ДӘРІХАНА:

- Терафлю жоқ, бізге алып келеді, бірақ адамдар тез алып кетіп жатыр.

- Спирт жоқ!

- Орбидол бар ма? Жоқ, бізде қазір ештеңе жоқ!

Ал кейбір азаматтар қажетті дәрісін таппай қала аралап, сандалуға мәжбүр. Қазір басы ауырып, балтыры сыздаған жанның біразы үйде оқшауланып емделуге көшкен. Ал дәріханада күтейін десе кезек көп, күткен жағдайда дәрі жоқ болып жұртшылықтың әбден ызасын туғызған.

БЛИЦ:

- Жоқ, басқа жаққа бара жатырмын. Маған Кселотрон керек еді.

- Бір-екі дәрілерім жоқ енді, орнына жаңағымен құрамы бірдей дәрілерді берді.

- Дәріхананың ішін қарап көріңіздерші, адам өте көп! Күнде осылай болып жатыр, масқара ғой.


Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандары рецептісіз босатылатын дәрілік заттардың санын шектеуді ұсынып отыр. Оның айтуынша, қала тұрғындары дәрілерді қазір қор үшін сатып ала бастаған.

НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Фармацевтика комитетінің тапсырмасымен күнделікті мониторинг жүргізіп отырмыз. Расында кейбір препараттар барлық дәріханаларда емес, кейбір дәріханаларда жоқ болып таусылып жатыр, жаңа жылдық жағдайға байланысты. Бағаны, өздеріңіз білесіздер ғой, заңдылықтарға байланысты баға шектелген.

Қалада вирусқа қарсы және дене қызуын төмендетуге арналған дәрі-дәрмектің жеткіліксіздігіне тұрғындардың медициналық препараттарды жаппай сатып алуы себеп. Ал шын мәнінде, алаңдайтын негіз жоқ. Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары осылай дейді. Дәріханаларға  қажетті антивирустық препараттар уақытында жеткізілуге тырысып жатырмыз деп ақталды.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Дегенмен бұл жыл сайын осы мезетте болатын жағдай екенін түсіндірді. Фармацевтикалық компаниялармен жаңа келісім-шарттар жасау осындай қолайсыздық тудыратынын жеткізді. Бірақ мұның өзі уақытше деп сендірді.     

Ә. Дүкембаева