Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Ақтөбелік ерікті жастар блок-бекеттерге азық-түлік әкеліп беріп жатыр

Ақтөбелік ерікті жастар блок-бекеттерге азық-түлік әкеліп беріп жатыр

Ақтөбеде еріктілер мен «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері  сындарлы сәтте елмен бірге болды. Біріккен волонтерлық штабтағылар күні-түні кезекшілікте тұрғандарға екі мезгіл ыстық тамақ әкелген.   Белсенді топ аймақта төтенше жағдай тәртібі аяқталғанша блок-бекеттерге тамақ жеткізумен айналысты.

Әнуар ИСКАРИН, «JAS OTAN» ЖҚ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Блок-посттағы әскери және полиция қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізіп беру және қажетті заттарын жеткізіп беру. Екіншіден, аз қамтылған отбасылар, қиын жағдайға тап болған отбасылар үшін Call -центр аштық.  Call – орталыққа хабарласқан жағдайда соларға азық-түлік жеткізіп беру мақсатын бағыт қылып алып отырмыз.


Айта кетейін, аталған Call-орталыққа келіп түскен арыз-шағым, ұсыныс-тілектерді бастауыш партия ұйымы басшылары мен фракция депутаттары қарайтын болады. Қажет болса заңгерлік көмек көрсетуді де жоспарлап отыр.

Г. Сейтенова