Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жамбылда жерге көмілген қару-жарақ табылды

AstanaTV
21.01.2022ж. 20:00
1685
Жамбылда жерге көмілген қару-жарақ табылды

Жамбылда жер астынан бір қап қару-жарақ табылды. Ауыл маңына оны кім жасырғанын енді полиция анықтамақ. Қап толған қару арасында 8 автомат, пышақ, тіпті граната бар. Қаңтар айы аяқталмай жатып жиналған қару саны 200-ге жеткен.

Қару-жарақ қапқа салынып, жерге көміліпті. Қостөбе ауылының маңына жақсылып жасырылған қапты, құзырлылар тауып алған. Ішінен 8 автомат, 12-ші калибрі газ-тарвматикалық қару, «Krall» маркадағы мылтық, граната, 12 оқжатар мен пышақ шықты. Қазба иесі кім екені әзірге белгісіз. Полиция жақын күндері анықтауға уәде етті.   

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып кетті. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Қап толған қару-жарақтың иесі анықталса, құзырлылар қару тасымалдағандарды 5 жылға дейін темір торға қамауы бек мүмкін.  Жалпы, аймақта қаңтар басталғалы 200-дей қару-жарақ тәркіленген. Осыдан екі күн бұрын ғана Тараздағы көлік гаражының бірінен 40-қа жуық қару табылып, қала тұрғыны ұсталған болатын.   

Айтпақшы қаруларын ерікті тұрде тапсырып жатқандар да баршылық. Бүгінде полиция 60 «Калашников» автоматы, 13 снайперлі-винтовка, 12 «Сайга» карабин, 24 тапанша, 3 арнайы пулеметтік тапанша,  гранатомет,  шағын калибрлі винтовка, тегіс ұңғылы мылтықты жинаған. Айта кетейік, өңірде әлі де террористік қауіптіліктің «қызыл деңгейі» сақталуда.

Б. Жұмабайұлы