Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Павлодарда бір емес, екі рет қазына қаржысын жымқырған есепші сотталды

AstanaTV
21.01.2022ж. 20:00
733
Павлодарда бір емес, екі рет қазына қаржысын жымқырған есепші сотталды

Павлодарда қазына қаржысын жымқырған есепші сотталды. Оның мемлекетке келтірген шығын көлемі 6,5 млн теңгені құраған.

Облыстық мемлекеттік ішкі аудит департаментінің дерегінше, алаяқ есепші Железин ауданындағы бөбекжайда қызметін асыра пайдаланған. Ол аталған мекемеде жұмыс істемейтін адамдардың есеп-шотына ақша аударып келген. Бұл қылмысын үш жылдан астам уақыт бойы үздіксіз жалғастырыпты. Аудандық сот есепшіні екі жыл екі айға бас бостандығынан айырды. Бір қызығы бұл адамның бостандыққа шыққанына көп бола қоймаған. Ол 2020 жылдың көктемінде екі жылға сотталған еді. Ол кезде - 2015-2018 жылдар аралығында екі бірдей мектептің 8 млн. теңгеден астам ақшасын ұрлады, - деп айыпталған. Былтыр көктемде ғана мерзімінен бұрын босап шыққан есепшінің,  тағы бір былығы әшкере болып, енді ол абақтыға қайта қайтарылатын болды.

Қайрат ЕРҒАШЕВ. ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ІШКІ АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Прокуратураның талап етуі негізінде біздің ведомство балабақшаның 2017 жылғы қаңтары мен 2020 жылғы сәуір айы аралығына тексеру жүргізді. Сол кезде аталған есепшінің бюджет қаржысын негізсіз жұмсағаны белгілі болды. Яғни, ол өзіне және екі ұлының есеп-шотына ай сайын жалақы және іс-сапар қаржысын аударып отырған. Ал, шындығында ол адамдар балабақшада мүлде жұмыс істемеген.


Ө. Қуанар