Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Шалғай ауылдарға қатынайтын жылжымалы дәріханалар пайда болды

AstanaTV
21.01.2022ж. 20:00
884
Шалғай ауылдарға қатынайтын жылжымалы дәріханалар пайда болды

Қарағанды облысының шалғай ауылдарында дәріхана атымен жоқ. Ауыл тұрғындары әсіресе тұмау кезінде ондаған кейде жүздеген шақырымда жатқан аудан орталығына барып дәрі алуға мәжбүр. Өңірдегі бұл проблеманы шешу үшін жылжымалы дәріханалар іске қосылды. Елімізде тұңғыш рет іске асырылған жоба ауыл тұрғындарының уақытын да, қаржысын да үнемдемек.  Тақырыпты тілшіміз Айжан Қуаш  жалғастырады.

Мына төрт дөңгелекті дәріханалар облыстағы ең шалғай ауылдарына аттанады. Оларды мыңдаған ауыл тұрғындары күтіп отыр. Аймақтағы 9 ауданда орталықтан шалғай жатқан жүздеген ауыл бар. Бір ғана Жаңаарқа ауданында 20 елдімекен орталықтан алыс орналасқан. Ешқайсында дәріхана атымен жоқ. Ондағылар кейде жүздеген шақырым жерден, 5 мың теңгеге такси жалдап дәрі алады.  Бұқара дәріхана ашуды жылдар бойы шенділерден сұрап келген еді. Ақыры мәселе шешімін тапты. Енді бұл жылжымалы бөлімшелер ауылдарға апта сайын қатынамақ.  

Еркебұлан БЕЙСЕНБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ЖАҢААРҚА АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бүгінгі күнге дейін алыс жерлерде орналасқан елді мекендердегі халық Жаңаарқаның орталығына келіп алатын. Қазір халық Жаңарқаның ортасына келмейді. Кесте құрылады. Сол кесте бойынша елді мекендерді аралайды бұл дәріхана. Басқа дәріханалардан айырмашылығы дәрілердің бағасы 30- 35 пайызға төмен басқа дәріханаларға қарағанда.

Мамандардың айтуынша  пандемияға байланысты тұмаудың дәрілеріне сұраныс артқан. Негізінен вирусқа қарсы және дене қызуын басатын препараттар. Алайда мобильді дәріхана қызметкерлері ауылдықтардың тапсырысымен басқа да қажетті дәрілерді әкеліп бере алады. Жылжымалы дәріханада шамамен 2 жарым мың препарат қоры бар.  

Альмира РАҚЫМЖАНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ДӘРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл жоба өте қажет. Мысалы Ақтоғай ауданында бірде бір жеке дәріхана болмаған. Қазіргі таңда 9 ауданға бірдей жылжымалы әлеуметтік дәріхана қатынайтын болды. Жергілікті әкімдік пен орталық аурухана бірлесе құрған кесте бойынша тұрғындарға алдын ала келетін уақыты хабарланады. Өте ыңғайлы.

Тілші. Әлеуметтік жылжымалы дәріхана жобасы елімізде тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр. Оны облыстық бюджет қаржыландырған. Қазіргі таңда аймақта дәрілік препараттар қоры жеткілікті деп сендірді. 2 айға жетерлік мөлшерде сақтаулы, деді.

А. Қуаш