Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қостанайда кәсіпкердің үйінен ірі көлемде есірткі тәркіленді

AstanaTV
24.01.2022ж. 20:00
1292
Қостанайда кәсіпкердің үйінен ірі көлемде есірткі тәркіленді

Қостанайлық кәсіпкердің үйінен жарты келі героин тәркіленді. Есірткі  істен шыққан тоңазытқыш ішінен табылған. Күдікті бұрын сотталған.Оның жұбайы да  бұған дейін есірткі қылмысына қатысты  жауапкершілікке тартылған көрінеді. Тергеу барысында кәсіпкердің  сыбайласы да ұсталды. Одан тағы  22 грамм героин табылған.Полицейлер  барлығы 36 түйіншек есірткі тәркіленгенін айтады.  

Айгүл ЕРӘДІЛОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.Оларға  қатысты аса ірі  көлемде есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша   қылмыстық іс қозғалды, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және дүние мүлкін конфискациялау қарастырылған.

З. Санай