Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

17 жастағы бозбала бүтін бір отбасын қырып салған

AstanaTV
24.01.2022ж. 20:00
2466
17 жастағы бозбала бүтін бір отбасын қырып салған

17 жастағы бозбала бүтін бір отбасын қырып салды. Жантүршігерлік оқиға  ресейдің Омбы облысы Юрьевка ауылында болған. Жергілікті полицияның дерегінше, күдікті -сол үйде тұратын  14 жастағы  қыздың сүйіктісі. Алдын ала мәліметке сүйенсек, жігіт қыздан  бірнеше жас үлкен болған, сол себепті қыздың анасы мен   әкесі ол екеуінің кездесуіне қарсылық танытқан.  Сондықтан бұл қылмысқа ата-ананың  тыйымы себеп болуы мүмкін дейді.Күдікті   алдымен қыздың анасын бауыздаған, онан кейін ұйықтап жатқан   әкесін өлтірген. Баста 10 жастағы сіңлісі мен 6 жасар інісін өлтірмейміз деп келіскен көрінеді. Алайда сал ауруына шалдыққан 10 жастағы қыз ата-анасының денесін көріп, айғайлай бастаған. Осыдан кейін қыз да көз жұмған. Мұның бәрін күдіктінің өзі жауап алу кезінде айтып берді. Сондай-ақ қылмыс жасаған қаруы мен қанға боялған киімін де көрсеткен.

Лариса БОЛДИНОВА, РФ ОМБЫ ОБЛЫСЫ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Белгісіз біреу  жекеменшік үйге кіріп, 38 жастағы ауыл тұрғыны мен оның 36 жастағы әйелін және 10 жастағы мүгедек қызын өлтірген. Тек екі бала – 14 жастағы қыз бен оның 6 жасар інісі аман қалған. Аталған факт бойынша қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалған.

Б. Сатуов