Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Павлодарда мектеп оқушылары тұрғын үйдің терезесіне оқ атты

Павлодарда мектеп оқушылары тұрғын үйдің терезесіне оқ атты

Павлодарда мектеп оқушылары тұрғын үйдің терезесіне оқ атты. Абырой болғанда, адам аман. Сұмдық оқиға тапа-тал түсте болған. Компьютерлік ойындар ойнауға жиналған 13-15 жастағы жеткіншектердің  бірі өзімен әкелген тапаншаны тексеріп көрмек үшін балконға шығып, қарсы беттегі    үйдің терезесіне оқ атқан. Бұл туралы полицияға 34 жастағы қала тұрғыны хабарлады. Ол үйінің терезесіне әлдекімдердің оқ жаудырғанын жеткізген. Полиция кәмелетке толмаған 7 баланы ұстады. Олардың  мектеп  оқушысы екені анықталды. Жауап алу кезінде балалардың бірі қаруды танысынан алғанын айтқан.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қару тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Тексеру нәтижесі бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты процессуалдық шешім қабылданатын болады. Балалардың әрекеті үшін ата-аналары жауап береді.

Ө. Қуанар