Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

"Заңсыз әрекеттермен күрестің нәтижесі де алыс емес екеніне сенімдімін"- Қ.Тоқаев

AstanaTV
25.01.2022ж. 20:00
947
"Заңсыз әрекеттермен күрестің нәтижесі де алыс емес екеніне сенімдімін"- Қ.Тоқаев

Еліміз үшін терроризммен күрестің маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін  "Орталық Азия – Қытай" атты онлайн саммитте осылай деді. Ол жиында қаңтардың басында ел ішінде болған жаппай тәртіпсіздік кезінде Қытай билігінің көрсеткен қолдауына алғыс айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қытай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде Еуразиялық кеңістікте бейбітшілікті, тұрақтылық пен ілгерлеу ісін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Бұл әсіресе терроризм, экстремизм және трансұлттық қылмысқа қарсы күресте айқын байқалады. Бұл тақырып қазір менің елім үшін ерекше маңызға ие.


Өз кезегінде Қытай төрағасы Си Цзиньпин сыртқы күштерді түрлі-түсті төңкеріс тудырмауға, адам құқығын қорғаймыз деген желеумен ел ішіндегі мәселелерге араласпауға, бейбіт өмірге нұқсан келтірмеуге шақырды. Қазақстан Президенті шекарадағы жағдайға да тоқталды. Әсіресе кедендегі жұмыстарды сөз етті. Мемлекет басшысының айтуынша, нәтиже де алыс емес.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бизнеске заңсыз түрлі кедергілер енгізген жосықсыз кәсіпкерлермен де күресіп жатырмыз. Мұндай заңсыз әрекеттермен күрестің нәтижесі де алыс емес екеніне сенімдімін. Бұл импортқа және үшінші елдерге транзитке ешқандай әсер етпейтінін айтқым келеді.

Ә. Дүкембаева