Қарағанды облысында қарттар үйінің қызметкерлері 5 жыл бойы зейнетақы жымқырған. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметінше, олар "Қазпошта" филиалы өкілдерімен бірігіп, зейнеткерлер мен мүгедектердің жәрдемақысы мен зейнетақысын өздері алып отырған. Қылмыстық топ қаладағы пәтерлердің бірінде қолға түсті. Олар ұрланған 1 миллион 300 мың теңгені өзара бөлісіп жатқан. Бұл ақша биылғы қаңтарға 25 зейнеткер мен мүгедекке әлеуметтік төлемге бөлінген-деп жазылған агенттік таратқан хабарламада.
Б. Сатуов