$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Мемлекеттік тіл және БАҚ байқауы мәресіне жетті

AstanaTV
22.06.2016ж. 20:00
2274
Мемлекеттік тіл және БАҚ байқауы мәресіне жетті

Бүгін мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге үлес қосып жүрген тілшілер қауымы да марапатталды. Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси комитеті ұйымдастырған байқауға журналистер қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалалары мен эфирлік бағдарламаларын жіберген.

200 шығарылымның ішінен қазылар алқасы бүгін жүзден жүйріктеріне жүлделерін тапсырды. Үздік мақала аталымы бойынша 1-ші орын «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің «Саясат» бөлімінің шолушысы Сейсен Ұлықбековке берілді. Сайттағы мақалалар бойынша «Қазконтент» тілшісі Алтынбек Құмырзақұлының тіл туралы еңбектерін қазылар жоғары бағалаған. Радиодағы хабарлар арасында жүлде қазақ радиосының тілшісі Ақтоты Жұмабекке бұйырды. «Алматы» телеарнасының тілшісі Әмірболат Құсайынұлы телеарна бағдарламалары аталымы бойынша үздік атанды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Біз сіздермен мақтанамыз. Неге десеңіздер, қазіргі уақытта сіздердің шеберліктеріңіздің арқасында, білімгерліктеріңіздің арқасында Қазақстанның бүкіл жетістігін бүкіл дүние жүзіне паш етіп жатқан сіздер. Сонымен бірге бүкіл халықтың көңілін де тауып, елге жеткізіп жатқан ол сіздедің шеберліктеріңіз. Осындай мереке қарсаңында сіздерге тек қана жақсылық тілейміз. Қаламдарыңыз ұшқыр болсын дейміз!