Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Алматыда Ұлы Отан соғысы батырларына арналған кітап ЖОО таныстырылып жатыр

AstanaTV
22.06.2016ж. 20:00
2059
Алматыда Ұлы Отан соғысы батырларына арналған кітап ЖОО таныстырылып жатыр

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ қаһармандарының саны толыға түсті. Осы күнге дейін айтылып келген кейбір деректер жаңартылды. Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақтың саны 96 адам емес, 109 болған. Мұны ұзақ уақыттан бері жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша ғалымдар жарыққа шығарып отыр. «Кеңес Одағының Батыры» атағына лайық делінген отандастарымыздың өмірбаяндық топтамасы жақында екі том етіп басылып шыққан еді. Ол «Ардагерлерді ардақтайық» атты «Нұр Отан» партиясының арнайы жобасының аясында жарыққа шықты.

Саттар Мәжитов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Осы күнге дейін біз қаһармандардың санын толық білмей жүрдік. Кезінде 96-97 қазақ деп жазып жүрдік. Қазіргі таңда 109 қазақ халқының өкілі қаһармандық танытқаны анықталды. Ал сонымен қатар 615 Ұлы жеңіс қаһармандары бар. Оның ішінде халық қаһармандары да бар. Бірақ оған ұснылып, ондай атақ алмағандар да кездеседі. Олар туралы екінші томның соңында бердік. Ондай 14 адам бар екен.

Бүгін тарихшылар мен жоба авторлары осы кітаптарды еліміздің жоғары оқу орындарына таныстырып, оның идеясы мен жаңалықтарын насихаттауды бастады. Алматыдағы Қазақ қыздар педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездескен жоба авторлары, тарихтың жаңа ақтаңдақтарын қайта зерделеудің қажеттігін сөз етті. Партия өкілдері мен тарихшылар алдағы уақытта еліміздің ірі оқу орындарында осындай кездесулер өткізбек.

Айта кетейік, осыдан 75 жыл бұрын дәл осы күні фашистік неміс әскерлері Кеңес Одағының аумағына басып кірді. Сол күннен бастап жаңа заман тарихында Ұлы Отан соғысының басталған күні ретінде тағы бір дата пайда болды.