$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылжарда департамент басшысы мас күйінде автобус аялдамасында ұйықтап қалған

AstanaTV
26.01.2022ж. 20:00
1183
Қызылжарда департамент басшысы мас күйінде автобус аялдамасында ұйықтап қалған

Қызылжарда монополияға қарсы күрес департаментінің басшысы мас күйінде автобус аялдамасында ұйықтап қалған. Қалың ұйқыға батқан Абай Балабековты тәртіп сақшылары оятып алыпты. Құқық қорғау қызметкерлері оны наркологиялық орталыққа апарып, шенеуніктің ішімдік  ішкеніне көз жеткізген. Қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін департамент басшысына 15 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бірақ, шенеунікке берілген жаза айыппұлмен шектелген жоқ.  Облыс бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы лауазымынан да босатылды.  

Махаббат САМРАТ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БАС МАМАНЫ:

Абай Клименович Балабеков әдеп кеңесінің нормаларын бірінші рет бұзып отырған жоқ. Оның алдында 2020 жылы мас күйінде көлік тізгіндеген және өз көлігін мас адамға жүргізуге мүмкіндік берген.

А. Құрманкин