Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Өз мектебін «бомбалаған» оқушының анасы жауапқа тартылды

AstanaTV
26.01.2022ж. 20:00
2250
Өз мектебін «бомбалаған» оқушының анасы жауапқа тартылды

Оралдық жасөспірім  өзі оқитын мектептке бомба қойып, жарып жіберемін деп жұртты дүрліктірді. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Теректі ауданындағы №1 орта мектептің  28-қаңтарда жарылатыны туралы ақпарат   әлеуметтік желіде жарияланған.   Оны оқып дүрліккендер бірден «102» нөміріне хабарласып, көмек сұрапты.  Оқушылар мен мұғалімдер мектептен дереу шығарылып, эвакуацияланды. Бомба туралы хабар жалған екені анықталса да, үрейленіп қалған ата-аналар әлі қорқынышын баса алар емес. Олар  екі күннен кейін   мектепті бәрібір   жарып жібере ме деп алаңдап отыр.

Мейрамгүл, АТА-АНА:

Мектепте жарылыс болады дегенге байланысты бүгін көптеген ата-аналар өз балаларын мектепке жіберуге қорқып, жібермей отырмыз. Бұл жөнінде бізге не себепті, қандай, ар жағында не боп жатыр, бізге белгісіз. 28-і жарылыс бола ма, болмай ма, оған ешқандай жауап алған жоқпыз.


Жасөспірімнің ісімен қазір полиция айналысып жатыр. Айтуларынша, әлеуметтік желідегі парақшасында  жеткіншек анасына өкпелегенін жазған.  Осылайша өшін өз мектебінен алуды ұйғарып, осындай жалған хабар таратқан көрінеді. Енді оның әрекеті үшін анасы жауапкершілікке тартылады.
 
Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:

Тексеру кезінде  мектепке бомба қойылғаны туралы ақпаратты 11-класс оқушысы жариялағаны анықталды. Қазіргі таңда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127 бабы бойынша оның анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Е. Карин