$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Самұрық-Қазына" қорының қарызы 7,5 трлн теңгеден асады,-депутат

AstanaTV
26.01.2022ж. 20:00
1481
"Самұрық-Қазына" қорының қарызы 7,5 трлн теңгеден асады,-депутат

"Самұрық-Қазына"-ның  қарызы 7 жарым трлн теңгеден асады. Бұл шамамен 18 млрд доллар.   Бүгін Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов осындай мәлімет айтты.  Сондықтан ол қордың жұмысын мұқият тексеру қажет деп санайды. Депутаттың айтуынша, "Самұрық-Қазына" қорының басшылығы асығыс шешім қабылдап жатыр. Мұның салдары ауыр болуы мүмкін дейді.

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:


Бүгінде біз Самұрықтан мемлекеттік бюджетке түсетін дивидендтер сомасы бюджеттен олардың инвестициялық жобаларына бағытталатын қаражаттан үнемі аз болғанын көріп отырмыз. Мәселен 2019 жылы Самұрық бюджетке 120 миллиард теңге дивиденд төледі. Ал қордың таза табысы 1,4 триллион теңгені құрады.

Депутаттар қордың тағдырына қатысты шешім қабылдау кезінде бизнесмендердің, инвесторлардың, қаржыгерлер мен экономистердің, сарапшылардың пікірі ескерілуі қажет деп санайды.

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Осы күні қордағы қаржыны әрбір адамға үлестіріп беру туралы ұсыныстар айтылып жатыр. Бір қарағанда, жақсы идея. Бірақ есептей келе, «Самұрық-қазынаның» қазіргі қаржылық жағдайындағы мұндай үлестен түсетін табыс айына бір адамға небәрі 500 теңгені құрайды. Сол себепті шу көтергенше, қордың неліктен бұлай тиімсіз болып қалғанын жіті зерттеу керек.

Д. Жарқынбек