Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

"Елімізде қылмыстың 90 пайызға жуығы заңсыз қару-жарақпен байланысты",-сенатор

AstanaTV
27.01.2022ж. 20:00
1211
"Елімізде қылмыстың 90 пайызға жуығы заңсыз қару-жарақпен байланысты",-сенатор

Елімізде жасалатын қылмыстың 90 пайызға жуығы заңсыз қару-жарақпен байланысты. Сенатор Андрей Лукин  осылай деді. Оның мәліметінше соңғы 3 жылда 545 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның   600-інде атыс қаруы қолданылған. Сондай-ақ, қаруды сақтау және оны тіркеу шарттарын бұзғаны үшін 45 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондықтан сенатор контрабандалық жолмен келетін қаруға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды.

Андрей ЛУКИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазіргі уақытта атыс қаруына ұқсас, газды, газды-травматикалық, сигналдық және пневматикалық қару түрлерінен оқ ататын қаруды заңсыз жасау фактілерінің күрт өсу үрдісі байқалады. Қылмыстық ортаның мүшелері мен бүлдіргі діни ағымды жақтаушылар мұндай қаруды соғыс қаруына айналдырумен айналысады. Қарудың бұл түрінің таралу үрдісі ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне елеулі қауіп төндіріп отыр.

Б. Сатуов