$522.49 €547.88 ₽5.06
×

БҚО толғақ кезінде көз жұмған әйелдің өліміне күдікті анестезиологқа қатысты сот басталды

AstanaTV
27.01.2022ж. 20:00
1391
БҚО толғақ кезінде көз жұмған әйелдің өліміне күдікті анестезиологқа қатысты сот басталды

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының тұрғыны Бибінұр Неғметова толғақ кезінде көз жұмған. Дәрігерлер оған кесарь тілігін жасамақ болады. Бірақ марқұм бұл отаға келісімін бермеген.  Ақырында қансыраған келіншек ота үстелінде қайтыс болды,  құрсағындағы сәби де шетінеп кетті. Бірақ дәрігерлер «ол кесарь тілігін жасауға келісімін берді» деп марқұмның орнына өздері қол қойып жіберген көрінеді.  Енді 60 жастағы анестезиолог сот алдында жауап бермек.  Төрт жыл бойы тергелген қылмыстық іс енді ғана сотқа жетті.   

Нұргүл ҚАНАТБАЕВА, БҚО СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сот отырысы ашық режимде өтеді. Айыпталушыға ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлігі бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соққан, міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған деген айып тағылып отыр.

Е. Карин