Қызылжарда жылуэлектр орталығындағы қазандықтар әбден тозған. 12 қондырғының қазір бесеуі ғана істеп тұр. Қыс басталғалы орталықта үш мәрте апат болды. Осыған байланысты тұрғын үйлерде жылу температурасы төмендеп кетті. Қазір мамандар жағдай қалыпқа келтіріліп жатқанын айтады. "Севказэнерго" компаниясының өкілдері орталыққа жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін 17 миллиард теңге бағыттамақ. Ал жылу тарифі тұрғындардың шағымына орай қайта есептеледі.
Ержан ҚОҢЫРБАЕВ, №2 ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қазір бізде 56 пайыз процент износа дейміз ғой. Турбинный зал және котельный зал. Бір уақытта үш қазандық бірінен соң бірі тоқтай бастады. Бірінші қазандықты қоса бергенде резервте тұрған төрт сағаттан кейін, бесінші сағатта ол кірмей қойды. Жарылды. Екіншіні жағып жатқанда, енді қоса бергенде жетінші қазандығымыз тағы жарылды. Сонымен қалғанымыз, сіздің сұрағыңыз бойынша, бес қазандық істеп тұр.
А. Құрманкин