Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Елімізде 2 миллион адам жұмыссыз",-сенатор

AstanaTV
27.01.2022ж. 20:00
950
"Елімізде 2 миллион адам жұмыссыз",-сенатор

"Елімізде 2 миллион адам жұмыссыз".  Бүгін сенатор Мұрат Бақтиярұлы осындай елең еткізер ақпарат айтты. Кедейлік пен жұмыссыздық деңгейін есептеу кезінде ашықтық пен әділдік қажет дейді ол.  Статистика шындыққа сәйкес  келмейтінін сынаған сенатор Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Ресми статистика бойынша, еліміздегі жалпы жұмыссыздық көрсеткіші 4,9 пайыз. Бірақ депутаттар бұған күманмен қарайды. Сенатор Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, кедейлік деңгейін анықтауға деген көзқарас әлі күнге дейін оны төмендетіп көрсетумен ғана шектеледі.  Статистика жүргізуде ашықтық жоқ  дейді.   Сондықтан Үкіметке бірінші кезекте кедейшілікпен күресудің жаңа жүйесін жасауды ұсынды.

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жергілікті атқарушы органдар, Үкімет жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін үнемі төмен көрсетумен келеді. 2021 жылы Үкімет елде 450 мың адам жұмыссыз деп көрсетсе, кедейшілік деңгейі 4,5 % аспайды деген ресми ақпарат берді. Осы шындыққа сәйкес келе ме? Жоқ. Шындығында, біздің есебімізше, елде екі миллион азамат жұмыс таба алмай жүр.


Б. Сатуов