Шығыс
Қазақстан өңіріндегі Бұқтырма су қоймасы суға толды. Мұндай жағдай соңғы 50 жыл
ішінде болмаған. Ертіс те ернеуіне жетті. Қазір бұқтырма жағасындағы демалыс
орындары мен жағажайлар суға кетіп жатыр. Бүгінде облыстағы 3 су электр
стансасы толық қуатқа көшкен. Жағдайды толассыз жауған жаңбыр да ушықтырып
отыр.
Шұғыл ашылған отырыс барысында артық судан арылу туралы шешімі шығарылды.
Су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы
мамандарының мәлімдеуінше, Өскеменнен төмен орналасқан Павлодар мен Ресейдің
Омск қалаларын су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Есептеулері бойынша 10 күннен
соң су деңгейі азаюы тиіс.
Рысбек
Сүлейменов, ҚР АШМ су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының бастығы:
Маусым
айына жасалған болжамдар қолымызда. 10
маусымда ағын секундына 980 кубометрге дейін жеткен. 15-і күні секундына
1100-ге көтерілді. Павлодар қаласына су шамамен 2 шілде күні барып қалуы
мүмкін.