$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Теміртаудағы металлургия комбинатында жұмысшы қаза тапты

AstanaTV
01.02.2022ж. 20:00
1821
Теміртаудағы металлургия комбинатында жұмысшы қаза тапты

Бүгін «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамының металлургия комбинатында  47 жастағы жұмысшы  қаза тапты. Қайғылы жағдай  аглодомендік өндірісте болған.  Агломерат өңдейтін цех бригадирінің денесі жұмыс орнынан табылған. Оның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Қазір  тексеру-тергеу жұмыстары жүргізілуде.  Айта кетейік, бұл цехта байытылған кентас концентраты, яғни темір кентасы мен майда кендердің қоспасы пеште қорытылады.  

Айзада ЖҰМАБЕКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Арселор Миттал Теміртау Болат департаментінің бригадирі Өтегеновпен Алға өндіріс цехында болған қайғылы жазатайым оқиға фактісі бойынша Қарағанды облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторының өкімімен арнайы тексеру жүргізу жөнінде комиссия тағайындалды. Жазатайым оқиғаның мән- жайлары мен себептері арнайы тергеп- тексеру аяқталғаннан кейін айқындалатын болады.

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі төтенше жағдайды растады.  Ресми мәлімет бойынша, арнайы комиссия құрылған.  

«АРСЕЛОР МИТТАЛ ТЕМІРТАУ» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
 
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Болат департаменті аглофабрикасында жазатайым оқиға салдарынан әріптесіміз – 1975 жылы туған кен араластыру учаскесінің бригадирінен айырылғанымызды өкінішпен хабарлаймыз. Арнайы комиссия құрылды, оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.
 
А. Қуаш